Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Көпшілікті алаңдатқан Қойгелді көшесі енді тақтайдай тегіс болады

0 216

Кез келген қаланың дамуының басты көрсеткіштерінің бірі оның жол инфрақұрылымының жайкүйі екені белгілі. Бұл тұрғыда Тараз қаласында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып жатыр.

Əсіресе, соңғы үш жылдың бедерінде жолдарды жөндеп, көшелерді жаңғыртуға ерекше екпін түсіріліп отыр. Бұл мəселе қаланы дамытуға арналған үш жылдық Жол картасында да айқын көрініс тапқан.
Айталық, бүгінде Қолбасшы Қойгелді көшесінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 3,15 шақырымды құрайды. Бұл жұмыстарды 2026 жылы толық аяқтау жоспарланып отыр. Жалпы, кейінгі 3 жылда Тараз қаласында 420 көшеге асфальт төселді. Мəселен, 2024 жылы ұзындығы 95,3 шақырымды құрайтын 127 көше орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ «Победа», «Береке», «Юбилейный», «Химик», «Жамбылстрой», «Комунальник», «Лето», «Ветеран» тұрғын алқаптарында ұзындығы 73,8 шақырымды құрайтын 165 көшеге шағалтас төселді. Бұған қоса шағынаудандардың ішкі жолдарына да жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.