Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне жәдігерлер – көрме сәні

0 264

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында 6 шілде – Елорда күніне орай фотокөрме ұйымдастырылды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Суреттерді түсірген Юрий Ким

Тәуелсіздік алған кезеңдегі даму мен ондағы сан жылдардың сырлы кезеңдерінің тарихын айқындайтын фотокөрмеге облыстың архив қызметкерлерімен қатар М.Әуезов атындағы қалалық кітапхананың қызметкерлері қатысты.
Онда егемен елдің бүгіні мен ертеңінен сыр шертер бас шаһар Нұр-Сұлтан мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 30-ға жуық фотокартинасы көрермендер назарына ұсынылды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының Тараз қаласына сапар шеккен тарихи сәттерін айғақтайтын сан алуан суреттер жамбылдықтарға жылы ұшырады. Бір фотода Нұрсұлтан Әбішұлы кішкентай тараздықтың қолын алып, ақ тілегін білдіріп тұрса, енді бірінде «Достық» алаңында халықпен тілдесіп тұрғаны фотоға басылыпты. Ал студенттермен жайдары жүздесіп, Тараз қаласының төріне талшыбық отырғызған сәті тіпті әсерлі көрініс тауыпты. Сонымен қатар көрмеде «Әлемдік тұлға», «Қазақстандағы Президенттік билік: жемісті 20 жыл», «Кемеңгер», «Көшбасшылыққа бастайтын қазақстандық жол» сынды кітаптар да көрермендер назарына ұсынылды.
– Мен бұл көрмеге арнайы келдім. Мұнда сан алуан тарихи суреттердің куәсі болдым. Ал фотолар мен кітаптар – елімнің өткені мен бүгінінің естелігі. Бұл көрмеге өзімнің 5-сынып оқитын Нұрсұлтан есімді інімді ертіп келдім. Бізге мұндағы фотокартиналар қатты ұнады, – дейді 8-сынып оқушысы Нұржан Сәбитов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.