Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне шаһарда кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді

0 166

Елімізде шағын және орта бизнестің дамуына барынша серпін берілуде. Бұған мемлекет тарапынан да кең қолдау көрсетіліп келеді. Соның арқасында Тараз қаласында да кәсіпкерліктің көкжиегі кеңеюде. Айталық, ағымдағы жылы 2020-2025 жылдарға Қазақстан Республикасы индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында «Дәмді себет» ЖШС-нің «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жобасы іске асырылды. Жоба құны 700 млн. теңге, жылдық қуаттылығы 2 160 тонна өнімді құрайды. Ашылған жаңа жұмыс орындары – 105 бірлік. Аталған жобаның іске асырылуы бойынша «Ұлы дала» шағын ауданынан 0,5 га жер телімі берілді. Сондай ақ, 2023-2024 жылдары жалпы құны 32,2 млрд. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Аталған жобалар жүзеге асырылғанда 884 жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.

Нақтырақ тоқталсақ, «Kisc» ЖШС-ң «Металл құю цехын жаңғырту» жобасы. Жобаның құны – 1 миллиард 870 млн. теңге. Бүгінгі күні металл құю қуаттылығы 3,5 мың тоннаға дейін болса, модернизациядан кейін қуаттылығын жылына 24,0 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Жоба бойынша қазіргі уақытта Қытай елінен мамандар келіп іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуде. Іске қосу мерзімі 2023 жылдың ІІ жартыжылдығына жоспарлануда. Екінші, «СП-Тараз PET» ЖШС-ның «Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу» жобасы. Жоба құны – 3 миллиард 860 миллион теңге. Жобаның қуаттылығы 6 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік. Үшінші, «Alima Delux» ЖШС-ның «Тұрмыстық техника зауыты» жобасы (газ плита өндірісі). Жоба құны – 15 миллиард теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 100 мың дана газ плита шығару, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 500 бірлік. Жобаны іске асыру үшін өндірістік аймақтан 11 гектар жер телімі берілді. 2024 жылы жобаны іске асыру күтілуде. Төртінші, «Оргэлитстройсервис» ЖШС-ның «Қант зауыты мен құрама жем өндіру» жобасы. Жоба құны 2 миллиард теңге, қуаттылығы жылына 1200 тонна қант өндірісі, 7500 тонна құрама жем, ашылатын жұмыс орындары 100 бірлік. 2024 жылдың ІІ жарты жылдығында іске қосу көзделуде. Бесінші, «Alina Group» ЖШС-ның «құрғақ құрылыс қоспалар зауытының құрылысы» жобасы. Жоба құны 7,1 миллиард теңге. Қуаттылығы жылына 105 мың тонна. Ашылатын жаңа жұмыс орындары 35 бірлік. Алтыншы, «Алаш Пром» ЖШС-ның «Автоклавты газдалған бетон» жобасы. Жоба құны 2 млрд. 389,3 млн. теңге, жоба қуаттылығы 50 мың метр куб жылына. Ашылатын жаңа жұмыс орындары – 35 бірлік. Жоба осы ай ішінде іске қосылады деп жоспарлануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.