Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне шаһарда – көне жәдігер

0 405

Бүгін жамбылдық кәсіпкерлер әулиеаталықтарға «Жеңіс» Паровозын сыйға тартты. Тарихи жәдігер темір жол вокзалы аллеясына орнатылды. 1945-1955 жылдар арасында Коломенск зауытында шығарылған Паровоз шаһар келбетіне сән қосып, тұрғындардың көз қуанышына айналуда. Тараз қаласына тарихи-мәдени мұра ретінде тарту етілген жәдігерді орнатуға бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.

Паровозды қою туралы ұсыныс тараздықтарға сауал ретінде жолданғанда, пікір білдірушілердің 60%-ы қарсы пікір білдіргенімен, 2000-нан астам қала тұрғыны (лайк басу) арқылы қолдады.

Көне шаһардың келбеті тағы бір көне жәдігермен толыққанға тұрғындар дән риза. Оған арнайы келіп, естелік фотоға түсіп, тамашалап жатқандардың қарасы қалың.

Тараз қаласы әкімдігі паровоз маңында қауіпсіздік шараларын сақтап, ата-аналарды балаларына бас-көз болуға шақырады!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.