Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне шаһар көшелері жасыл желекпен көмкеріледі

0 792

Биыл Тараз қаласын көгалдандыруға айрықша ден қойылып отыр. Бұл жұмыстардың бір парасы шөп шабуға бағытталған. Осы мақсатта ағымдағы жылы 5 448 000 м² жасыл желекті қырқу көзделсе, оның ішінде 350 000 м² бүгінде толығымен атқарылған.

Мәселен, қазірге дейін Абай, Төле би, Әл-Фараби көшелері, облыстық және қалалық әкімдіктердің маңы және шаһардағы саябақтар мен скверлердің барлығында дерлік шөп шабу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қалада жасыл жамылғыларды төсеу (газон) жұмыстары да қарқынды. Айталық, бүгінде Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің маңы жасыл жамылғылармен көмкерілді. Енді таяуда Абай, Төле би, Саңырақ батыр, Әйтиев көшелеріне, «Ұлы дала» ықшамауданына және «Тектұрмас» этнотарихи кешеніне жасыл жамылғылар төселеді.
Биыл шаһар бойынша 22 300 м² жасыл жамылғы отырғызу жоспарланса, бүгінге оның 4 000 м² төселді.
Жалпы қала ішіндегі жасыл желекті суару мәселесі өте өзекті. Қазір «Жасыл ел-Тараз» мекемесі шаһардағы суару жүйелерін қалпына келтіріп, жаңадан жасыл жамылғы егілген аймақтарға арнайы су жүйелерін тартуда.
Бұған қоса, қалада арық-атыздарды тазалау жұмыстары да қарқын алды. Айталық, биыл 28 шақырым арық жүйесін тазарту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 3,2 шақырым арық толығымен тазартылды. Нақтырақ тоқталсақ, Төле би, Қазыбек би, Абай, Қонаев, Желтоқсан, Әйтиев, Қ.Тұрысов, Шостакович көшелері мен Жамбыл даңғылы бойындағы арықтар және қаладағы каналдар күл-қоқыстан арылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.