Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көне шаһар көшелері самаладай жарқырайды

0 524

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жамбылдық журналистер қауымымен кездесу өткізуде. Басқосуда жасаған баяндамасында шаһар басшысы 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспары аясында қала көшелерін жарықтандыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Бақытжан Әмірбекұлының берген мәліметіне сейкес 2023 жылы 500,3 млн. теңгеге 68 көшеге темірбетонды бағаналары бар түнгі жарық шамдары орнатылмақ. Ал 2024-2025 жылдары 86 көшедегі ағаш бағананы темір бағанаға ауыстырып, түнгі жарық шамдары қойылады екен. Нәтижесінде жарықтандырылған көшелер саны 22 пайыздан 39 пайызға дейін жетпек. 55 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасы артып, қылмыс деңгейінің төмендеуіне ықпал етілмек.

Бұдан бөлек, жоғарыда аталған жылдар ішінде 75 аула абаттандырылмақ. Бұл жұмыстарға жыл сайын 750 млн. теңге қарастырылады деп күтілуде.

Сонымен қатар алдағы үш жылда 13,1 млрд. теңгеге 148 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, 40 мыңнан астам тұрғынның өмір сүру сапасы артады деп жоспарланған. Осылайша жөндеуді қажет ететін үйлердің саны 56,7 пайыздан 43,3 пайызға дейін азаймақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.