Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Күлше қыз»: Ерке Есмахан мен AZ фанаттарын күлдірді (видео)

0 610

Азамат Зенкаев желіге Ерке Есмаханмен түскен кезекті видеосын жүктеп, қызу талқыға түсті. Бейнежазбада қос ғашық ханшайым ханзаданың кейпінде шыққан, деп жазады

«Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Басына тәж, нағыз ханшайымдардікіндей көйлек киген Ерке дәл ертегідегі Күлше қыз сияқты туфлиін жоғалтып алады. Алайда хикаяның соңында ел күткен «хэппи енд» болмайды. Ханзада АZ аяқ киімді иіскеп, лақтыра салады.

«Аяқтарыңды жуып жүріңдер», – деп әзіл жазба қалдырды рэпер. Желі оқырмандары күлкіге қарық болды.

«Бәрі әдемі басталып еді», «Сондай әдемісіздер, бақытты болыңдар. Күлкілі жағдай, әрине. Бірақ сіздердің сұлулықтарыңыз бәрін жауып тұр», «Ең күшті жұп», «Күлше қызды түсірген түрлерін-ай», «Нағыз махаббат», – деп жазды оқырмандар.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.