Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көліктен ақша ұрлағандар құрықталды

0 1  501

Тараз қаласының полиция басқармасына облыс орталығында тұратын 42 жастағы әйел адам хабарласып, сағат 15:00 шамасында базардың автотұрағына қойып кеткен көлігінен белгісіз адамның ақша салынған әмиянды ұрлап кеткенін айтып шағымданған. Көліктің артқы орындығында 8 жастағы қызы отырған себепті есігін құлыптамаған. Әмиянда 200 АҚШ доллары және 10 000 сом ақшасы болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 3-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көлікте отырған қыз полицейлерге көзілдірік пен медициналық бетперде киген адамның есікті ашып, көліктің алдыңғы орындығында жатқан әмиянды ұрлап әкеткенін көргенін айтқан.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Ол осыдан бір ай бұрын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.
Күдікті кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Жамбыл облысының полиция департаменті көлікке қылмыскерлердің назарын аударатын әмияндарды, сөмкелерді, құжаттарды және құнды заттарды қалдырмауға кеңес береді.
Көлікті тұраққа қалдырған кезде өзіңізбен бірге барлық құнды заттарды алып жүріңіз, терезелер мен есіктерді ашық қалдырмаңыз, тіпті көліктен бірнеше минутқа шықсаңыз да, дабыл сигналын іске қосыңыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.