Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көктайғақтан ешкім зардап шеккен жоқ

0 416

Кеше жауған мұздақ салдарынан шаһар көшелері көктайғаққа айналған еді. Соған байланысты «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қызметкерлері құм, тұз себу жұмыстарын үздіксіз жүргізді. 12 техника түнгі уақыттан бастап тоқтаусыз қызмет етті.

– Кеше қала көшелеріне 16 арнайы техника және жалпы саны 185 жұмысшының жұмылдырылуымен көшелер мен тротуарларға тұз бен құм себіліп, автобус аялдамаларын, білім беру және денсаулық сақтау мекемелеріне іргелес жолдар тазартылды. Қыс мезгіліне дайындық жұмысына «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС 1000 тонна тұз, 3600 текше метр құм сатып алды, – дейді «Жасыл ел-Тараз» ЖШС-нің бөлім басшысы Нұрбол Жетпісбаев.
Ал қала әкімдігінің мәліметінше, таңертең ерте көктайғақ салдарынан Талас ауылының маңында №9 бағыттағы автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оқиға кезінде салонда жолаушылар болмағандықтан, ешкім зардап шекпепті. Сондай-ақ көктайғақ салдарынан «Шөлдала» тұрғын алқабына қарай қоғамдық көліктердің жүруі уақытша тоқтатылған. Тұз аралас құм себу жұмыстары жүргізілгеннен кейін қоғамдық көлік қайта қатынай бастады.
Автобустарды тексеруге келетін болсақ, жол бағытына шығар алдында барлық қоғамдық көліктің жол парағына белгі қойылып, механиктің тексеруінен өтеді екен.
Қазіргі таңда Тараз қаласындағы барлық коммуналды қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.