Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көкшетауда бір күнде екі әйел балаларын тастап кетті

0 387

Көкшетауда бір күнде екі бірдей әйел бауыр еті балаларынан безініп, жәудіретіп тастап кеткен. Олардың қайда екенін қазір ювеналды полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Өкініштісі сол қаланың іргесіндегі Краснояр селосындағы әйел бес бірдей баласын тастап, көңілдесіне кетіп қалған. Дәл сол күні полиция анасы үйде жалғыз тастап кеткен екі жастағы баланы да тапты. Балалар қазір «Шанс» кәмелет жасына толмаған балаларға әлеуметтік-психологиялық және құқықтық қолдау орталығына орналастырылыпты.

«Кешегі күн біз үшін өте ауыр күн болды. Полиция бейкүнә балаларды бізге жеткізді. Бес бірдей бала мүлдем қараусыз қалған. Бәрінің үсті-басын бит басып кетіпті. Үшеуі мектепте біреуі колледжде оқиды екен. Бірақ балалар біраз уақыттан бері мектепке бармаған. Кешкісін анасы тастап кеткен екі жастағы бүлдіршінді де алып келді. Оның да үсті-басын әбден кір басқан. Басын қатты биттеп кетіпті. Анасы баласына мүлде бас тартқан екен. Қазір оның мұндай шешім қабылдағаны бізге белгісіз болып отыр. Балақай әлі сөйлей де алмайды. Аты-жөнінің кім екенін де білмейміз. Қазір балалардың күйзелісін арылту үшін әрқайсысымен психологтар мен педагогтар жұмыс істеп жатыр. Балалар тынышталып, ойын ойнап, тамақтанды», – дейді «Шанс» орталының директоры Әсел Асайынова.

Балалардың анасының қайда екені анықталғаннан кейін олардың алдағы тағдыры шешілмек. Жалпы орталықта бүгінде тағдыры теперішке түскен 21 бала мен 6 әйел бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.