Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көкшетау тұрғыны қызғаныштан өз әйелін пышақтап өлтірген

0 427

Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны мас күйінде өз әйелін пышақтап өлтірді. Екеуінің кәмелетке толмаған 2 баласы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Қанды қылмыс 2022 жылдың ақпанында болған. Әйел белгісіз адаммен телефон арқылы сөйлесіп тұрғанда ер адам пышақты ішіне сұғып алған. Ол оқиға орнында жан тапсырды.

Ер адам қылмысын мойындап, істегеніне өкінетінін айтқан. Сонымен қатар оның кінәсі медициналық сараптама арқылы дәлелденген.

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі «Кісі өлтіру» бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар зардап шеккен тарапқа 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуі керек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.