Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көкөністерді сусыздандыру зауыты салынады

0 190

 Қытай астанасы Бейжіңде ҚР вице-премьері Серік Жұманғарин «Wanlin Group» басшылығымен кездесті. Компаниялар тобы екі негізгі бағытта жұмыс істейді – егде жастағы адамдарға қызмет көрсетуге маманданған медицина және азық-түлік өндірісі. 

Компанияның азық-түлік бизнесі сусыздандырылған көкөністерді (сусыздандырылған сарымсақ, ақ пияз және т.б.) өндіруге және экспорттауға бағытталған. Компания Циндао және Сиань қалаларында екі тамақ өнімдерін зерттеу орталығын құрды, Қытайдың әртүрлі аудандары мен қалаларында 6 мың гектардан астам көкөніс отырғызу базаларын құрды. Компанияның өнімдері АҚШ, Еуропа және Таяу Шығыс елдеріне белсенді экспортталады. Компания – «Nestle», «KraftHeinz», «Kerry», «European Spice Services», «Unilever» және басқа да әлемдік компаниялардың ресми серіктесі.

Серік Жұманғарин «Wanlin Group» негізін қалаушысы және басқарма төрағасы Ли Яньтаомен Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктерін талқылады. «Жамбыл облысында біз көкөністер мен жемістерді сусыздандыру жобасын бастадық, зауыт құрылысына инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Сусыздандыру саласында біз 32 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Команда, технология бар. Келесі айда Қазақстанға баруды жоспарлап отырмыз. Қазақстандағы серіктестермен жобаны кіммен жүзеге асыратынымызды шештік», – деді Ли Яньтао.

Серік Жұманғарин қытайлық бизнесмендер үшін Қазақстанға инвестиция салу рәсімдері барынша жеңілдетілетініне сендірді. Ал барлық сұрақ пен кедергі бойынша СИМ мен «Qaztrade» компаниясына, логистика бойынша «Қазақинвест» АҚ-ның Қытайдағы өкіліне жүгінуге болады.

Жұматай Көксубай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.