Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұйымның түйткілді мәселелері мен келешегі сараланды

0 1  335

Бүгін облыстық білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағының бастамасымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіподақ: түйткілдері мен келешегі» тақырыбында аймақтық «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

Ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалу деңгейін анықтау, оларды жетілдіру жолдарын қарастыру мақсатында өткен басқосуға жергілікті мемлекеттік және өкілетті орган өкілдері, білім саласының ардагерлері, әлеуметтік әріптестер және салалық кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.

Алғаш болып сөз тізгіндеген  облыстық білім және ғылым қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрағасы Ерұлан Мағзымбеков аталған ұйым егемендік жылдары қоғаммен бірге жаңаша түрленіп, өз қызметі мен миссиясын орындауға барынша күм жұмсап келе жатқанын тілге тиек етті. Келесі кезекте Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов заң аясында ұйымға жүктелген міндеттерге кеңінен тоқталса, ұйымның құқықтық қызметінің басшысы Берік Баймағамбетов еңбек адамының әлеуметтік жағдайын арттырып, мүдделерін қорғаудағы кәсіподақтың рөлі жөнінде баяндады. Сондай-ақ сала ардагерлері мен құзіретті орган өкілдері де өз ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, орамды ойларын ортаға салды.

Жиын соңында талқыға түскен мәселелер бойынша арнайы Қарар қабылданды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.