Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үйреншікті болып кетті»: Айнұр Нұрсейітованың ата-анасы қызының үш рет ажырасқанына қатысты пікір білдірді

0 457

Төрт рет тұрмысқа шыққан Айнұр Нұрсейіттің ата-анасы қызының бірнеше рет ажырасқанына қатысты пікір білдірді. Әкесінің айтуынша, қызының бірінші рет ажырасуы анасы екеуіне ауыр тиген. Алайда кейін «үйреншікті болып кеткен», деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ата-анасы берген сұхбаттың үзіндісі Instagram пабликтерде тарады. Онда Айнұрдың әкесі:

«Бірінші ажырасқанда анасы екеуміз қатты қиналып қалдық. Ал енді екінші, үшінші ажырасқанда бізге үйреншікті нәрсе болып кетті», – дейді.

«Бірінші ажырасудың өзі қиын болды. Ұзаққа созылып кетті», – деді Айнұрдың өзі.

Айтуынша, үш рет ажырасқандықтан, ел көбінесе Айнұрдың өзін кінәлайды. Алайда блогер бойында қандай да бір кінәрат бар деп ойламайды. Тек «сенгіштігінен» үш рет жаңылысқан.

Айта кетейік, Айнұр Нұрсейіт биыл сәуір айында төртінші рет тұрмысқа шықты. Бірер күн бұрын блогер үшінші сәбиін күтіп жүргенін хабарлады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.