Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Йота» штаммы «Дельтадан» қауіпті екені рас па?

0 310

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың «йота» штаммы қаншалықты қауіпті екенін айтты.

Оның айтуынша, «йота» штаммы қарт адамдар арасында коронавирустан болатын өлім-жітім деңгейін арттыруы мүмкін. Былты Нью-Йорк қаласында табылған «йота» штаммының жұқпалылығы Ухан вирусына қарағанда 15 пайызға жоғары екен.

«Қауіпті штамм әлемнің 27 елінде анықталды. Бұл туралы көп мәлімет бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да алаңдап отыр. Көбінесе 65 жастан асқан адамдар зардап шегеді»,- дейді Жандарбек Бекшин.

Алайда, Жандарбек Бекшин Қазақстанда тіркелген коронавирустың «дельта» штаммы «йота» штаммына қарағанда қауіпті екенін айтты.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, «дельта» штамы нұсқасы тез жұғады әрі патогенділігі өте жоғары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.