Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үйіңде сүй»: тойда анасының аяғын сүйген жігіт жұртқа жақпай қалды (ВИДЕО)

0 480

Әлеуметтік желіде үйлену тойында анасының аяғын сүйген жігіттің видеосы тарады деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада мейрамханада өтіп жатқан тойда жігіт анасына жақындап, тізерлеп отырып, оның аяғынан сүйген сәті көрсетілген. Алайда көпшілік жігіттің бұл әрекетін көзбояушылыққа балап отыр.

«Осындай қойылымдар қашан аяқталады?», «Аяқ сүю сәнге айналған ба? Үйде сүй! Мұны көпке көрсетудің не керегі бар? Өз құрметің мен махаббатыңды іс-әрекетіңмен көрсет», «Неге тек бір күн, той кезінде ғана сүйеді, көзбояушылық, масқара. Әр күні сүйіп, алақандарыңда ұстаңдар! Аналар мұндай құрметті өмір бойы көруге лайық» деп жазды олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.