Қалалық қоғамдық-саяси газет

“Үйге береке боп келдің”:Еркеш Хасен қызының 1 жас туған күнін дүркіретіп атап өтті

0 5  115

Жас әнші Еркеш Хасеннің қызы Медина 1 жасқа толды.

Өнер иесі жақындар мен өнердегі әріптестерінің басын қосып, той жасады. Отбасылық жиында Жазира Байырбекова, Жанболат Ербатыров, Серік Ибрагимов, Назым Әбілдина сында шоу-бизнес өкілдері бой көрсетті.

Жас жұбайлар бір жасқа толған Мединаның туған күнімен қоса тұсаукесерін де өткізуді жөн санаған. Мединаның тұсауын Жазира Байырбекова мен продюсер, Назым Әбілдинаның анасы Ғалия Байбосынова кесті.

“Ғалия құрдасым екеуімізге қызымыздың тұсауын кесу бұйырыпты”, – деп жазды Жазира Байырбекова өзінің Instagram парақшасында.

Тәй-тәй басқан Медина алдына кітап, көліктің кілті, микрофон мен ақшаны қойды. Бүлдіршін ойланбастан микрофонды таңдады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.