Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Әйелін ұрғандар жарты айға, ал итті қорлағандар 5 айға қамалады

0 67

Ауғанстанда әйелге қарсы зорлық жасағаны үшін сот 15 тәулікке қамай алады, ал итке немесе қойға қатал қарағаны үшін ең көп дегенде 5 айға дейін қамайды.

Ауғанстанның жаңа заңындағы 119-бап әйелдерге қарсы зорлықты заңдастырады және болжамды құқықбұзушылықтар үшін жазаны кім тағайындай алатынын анықтайды. Олардың қатарында имамдар мен күйеулер де бар.

32-бапқа сәйкес, егер күйеуі әйелін соншалықты қатты соқса, оның сүйектері сынып, ашық жарақаттары немесе денесінде көгерген іздер пайда болса және әйел судьяға жүгінсе, күйеуі қылмыскер болып есептеледі. «Сот оны 15 тәулікке бас бостандығынан айыруға үкім шығаруы керек», деп көрсетілген бапта. Ал егер ер адам итке немесе қойға қатал қараса, оған ең көп дегенде 5 айға дейін қамау қаупі төніп тұр.

Заң Ауғанстанда осы жылдың басында қабылданған, бірақ халықаралық реакцияны тек жақында тудырды. Алдымен ауғандық Rawadari құқық қорғау ұйымы оны пушту тілінде жариялады, кейін Afghan Analysts Network құжатты ағылшын тіліне аударды.

Women for Afghanistan ұйымының басшысы Фавзия Куфи испандық El País газетімен сөйлескенде, әйел күйеуінің 15 күннен кейін бостандыққа шығып, оны өлтіруі мүмкін екенін білсе, сотқа жүгінбеуі мүмкін екенін айтты. Оның бағалауынша, жаңа заң ерлерге әйелдерге зорлық жасау және азаптау құқығын береді.

Тәліптер билікке қайта оралған бес жылдан бері Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары айтарлықтай шектелді. UN Women мәліметінше, әйелдердің 80%-ы еңбек нарығынан және білім беру жүйесінен тыс қалдырылған. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк жаңа декрет «әйелдер мен балаларға қарсы зорлықты» заңдастырады деп мәлімдеді және Ауғанстан «адам құқықтарының зиратына» айналғанын ескертті.

inform.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.