Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әйел селфи жасаймын деп жартастан құлап мерт болды

0 6  947

Бельгия тұрғыны жартастың қырында селфи жасап, 30 метрлік биіктіктен құлады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі ktk.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, қайғылы оқиға Люксембургте болған. Ерлі-зайыптылар әдемі кадрлар жасау мақсатында сапарға шыққан. Жұбайы Джерридің айтуынша, әйелі Зои жартастың шетінде қолында телефон ұстап тұрған. Джерридің айтуынша, ол иттерге көз қырын саламын деп бір сәтке бұрылғанда әйелінен көз жазып қалған. Зои жартаста болмай шыққан.

“Ештеңе естіген жоқпын: айқай да, сыбдыр да. Мен оған телефон соқтым, алайда бәрі бекер екенін түсініп тұрдым. Құздың биіктігі оннан аса метр еді. Содан кейін Төтенше жағдай қызметін шақырдым”, – дейді ол.  Зоидің денесі құтқарушылармен судан табылған. Күйеуі қайғылы хабарға дайын болғанын айтты, себебі мұндай биіктіктен құлап, аман қалу мүмкін емес еді. «Фотоға түсуді қатты жақсы көретін. Оның телефонын құлпыдан ашып, жартастың шетінде суретке түскенін көрдім. Бұл оның соңғы селфиі болды», – деді марқұмның күйеуі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.