Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әйел екі итін киіндіруге 8 млн теңгеден аса ақша жұмсаған

0 393

46 жастағы америкалық әйел Шелия Одден екі итіне киім алуға 19 мың доллар (8 млн теңгеден аса) жұмсаған. Ол сыртқа шыққан кезде жануарлардың бір киімді екінші рет қайталап кимеуін қадағалайды екен. Бүгінде екі жануардың гардеробында 600-ден аса киім бар, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бес жасар Сэмми мен төрт жасар Мэддидің көптеген сәнді көйлектері, бас киімдері мен банттары бар. Бір киімнің құны 85 долларға (37 мың теңге) дейін баруы мүмкін.

«Қандай да бір іс-шараға, фототүсірілімге барсақ, итке бір киімді екінші рет кигізбеймін», – дейді жануарлардың иесі.

Одден иттеріне киімді сатып алып қана қоймай, өз қолымен де тігеді. Тек өз жануарларына емес, басқаларға да сатады. Оның тапсырыспен киім тігетін интернет дүкені бар.

Сондай-ақ, америкалық әйел екі иттің денсаулығын жіті бақылайды. Оларды жуындырып, шашын өзі алады әрі дұрыс тамақтандырады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.