Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі өзгерістер

0 47

Тараз қаласы әкімінің 2025 жылғы 16 қаңтарындағы №94 қаулысына сәйкес, «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмысын бастады.

Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы өз қызметін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

Орталықтың негізгі қызметі – ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік бейімдеу, қиын жағдайда жан-жақты қолдау көрсету арқылы олардың өмір сүру сапасын арттыру және қоғамға бейімделуіне ықпал ету.

Орталық келесі санаттардағы азаматтарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді:

▪️ психоневрологиялық ауытқулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

▪️ тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

▪️ психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;

▪️ І және ІІ топтағы мүгедектігі бар ересектерге;

▪️ егде жасына байланысты өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын қарт азаматтарға.

Әлеуметтік қызметкерлер әрбір қызмет алушының жеке қажеттіліктеріне, денсаулық жағдайына және әлеуметтік ахуалына сәйкес жеке жұмыс жоспарын әзірлеп, жүйелі түрде қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету барысында қызмет алушылардың қауіпсіздігі, құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, сондай-ақ көрсетілетін көмектің сапасы мен тиімділігі басты назарда болады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес 8 бағыт бойынша жүзеге асырады:

  • Әлеуметтік-тұрмыстық
  • Әлеуметтік-медициналық
  • Әлеуметтік-психологиялық
  • Әлеуметтік-педагогикалық
  • Әлеуметтік-еңбек
  • Әлеуметтік-мәдени
  • Әлеуметтік-экономикалық
  • Әлеуметтік-құқықтық

Қамқорлық пен қолдау – әрбір адамның лайықты өмірі үшін. Бұл қағидат орталық қызметінің негізгі бағытын айқындап, қоғамның әлеуметтік осал топтарына тұрақты қолдау көрсетуді және олардың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.

Қазіргі таңда әлеуметтік салада «Социум» ақпараттық платформасын енгізу барысы және жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесінің ерекшеліктері кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған цифрлық платформа әлеуметтік қызмет көрсету үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Жаңа жүйенің негізгі артықшылықтарының бірі – қызмет алушылардың жағдайын онлайн режимде бақылау мүмкіндігі. Бұл өз кезегінде көрсетілетін қызметтердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етіп, туындаған мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызмет алушылар бойынша деректердің бірізді базада жинақталуы жоспарлау және талдау жұмыстарын тиімді жүргізуге жол ашады.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі көрсетілетін қызмет көлемі мен сапасына қарай қаржы бөлуді көздейді. Бұл тәсіл әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарының жауапкершілігін арттырып, әрбір қызмет алушыға көрсетілетін көмектің нақты қажеттілікке сәйкес болуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ орталық қызметкерлерінің күнделікті жұмысын цифрлық форматта жүргізуі есептілік пен құжат айналымын оңтайландырып, уақытты үнемдеуге және қызмет сапасын арттыруға оң әсерін тигізуде.

Орталық қызметінің басым бағыттарының бірі – әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта орталықта білікті әлеуметтік қызметкерлер мен сала мамандары қызмет алушыларға үй жағдайында тұрақты түрде көмек көрсетеді.

Орталық өз қызметін жүзеге асыру барысында денсаулық сақтау ұйымдарымен, білім беру мекемелерімен, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара тығыз ынтымақтастық орнатады. Бұл көрсетілетін қызметтердің кешенділігін арттырып, қызмет алушылардың қажеттіліктерін толық қамтуға мүмкіндік береді.

Алдағы кезеңде орталықтың негізгі міндеттері әлеуметтік қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру, кадрлық әлеуетті нығайту, цифрландыру үдерістерін жетілдіру және қызмет алушыларға көрсетілетін көмектің тиімділігін күшейту болып табылады.

Н.ТУЛЕНДИЕВА,
Үйде күтім көрсету жағдайында
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
орталығының директоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.