Қалалық қоғамдық-саяси газет

Израиль шетелдіктер үшін шекарасын жауып жатыр

0 263

Израиль барлық шетелдіктер үшін шекарасын жауып жатыр. Ал өзге елдерден оралғандар карантинге алынып, Африканың 50 мемлекетімен арада әуе қатынастары доғарылды. Мұндай шешімді Тель-Авив әлемде коронавирустың «омикрон» атты түрінің тарауына байланысты қабылдап отыр,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ковидтің Оңтүстік Африкада анықталған штаммын «алаңдатарлық» деп атап, оның адамға тез әрі қайта-қайта жұғуы мүмкін екенін ескертті. Дегенмен халықаралық ұйым Африкамен авиациялық рейстердің доғарылуын құптамай отыр.

Израильдің 9,4 миллион халқының 57 пайызы толық вакциналанды. Алайда жергілікті тұрғындардың екінші немесе үшінші дозаны алғанына әлі бес ай өткен жоқ. Бұған қоса, елде «омикронды» жеті адам жұқтырды деген күдік туындап отыр.

Нафтали Беннетт, Израиль премьер-министрі:
Біз Omicron нұсқасына қарсы іс-шараларды бастаймыз. Бұл штамм әлемнің көп жерлеріне таралып жатыр. Сондықтан басқа елдер шектеулерге кірісті. Кеше Корона кабинетінің отырысында қатаң шаралар қабылдадық. Израильді іштей ашық ұстау үшін шекараны жабуға тиіспіз.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.