Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қиын-қыстау кезеңді бірге еңсердік

0 979

Махмуджон ДАВРИШЕВ ,
«Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы

2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Алғыс айту күні – күрделі кезеңді иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Алғыс айту күні – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндес- тік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос- тардың миллиондаған өкілдері құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жеріне, елге алғыс айтады. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Сол үшін қазақ халқына мың тағзым.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.