Қалалық қоғамдық-саяси газет

Италия жағалауында қымбат яхта суға батып кетті

0 180

Желіде Жерорта теңізінде қымбат яхтаның суға батып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 2007 жылы Монакода жасалған 40 метрлік Saga яхтасы Италиядағы Катанзаро теңіз жағалауынан 15 шақырымдай жерде суға батып кеткен. Видеоға яхтаны су басып, экипаж мүшелерінің құтқарылып жатқан сәті түсірілген.

Италияның жағалау күзеті Галлиполиден Милаццоға бара жатқан борттағы тоғыз адамды – төрт жолаушы мен бес экипаж мүшесін құтқарды. Яхтаның неліктен батып кеткені анықталып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.