Қалалық қоғамдық-саяси газет

Істі медиация тәртібімен шешу тиімді.

0 258

Еліміз егемендік алған уақыттан бергі кезеңде, өзінің құқықтық саясатының басты бағыты ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерінің қорғалуына негізделген құқықтық мемлекет құруды таңдағаны мәлім. Осы мақсатта Елбасының 2009 жылғы 24 тамыздағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі құқықтық саясатының Концепциясы» бекітіліп, онда сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету, сотқа қатысушы тараптардың өз құқықтарын барынша толық жүзеге асыруына жағдай жасау, тұлғаның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, қоғам және мемлекет мүдделерінің уақтылы қорғалып, қалпына келтірілуіне қол жеткізу шаралары көзделген. Концепцияда тараптардың арасындағы жеке құқықтық дауларды шешуде сот ісін жүргізу және соттан тыс тәртіпте дауды бітімгершілікпен шешудің әр түрлі баламалы жолдары мен әдістерін, оның ішінде медиация, делдалдықты қолдану айтылған.

Медиация қызметінің тиімді жағына көз салсақ, бұл қызмет ең алдымен қоғамды ізгілендіруге жол ашады. Яғни, медиация – үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын тараптың, яғни, медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық тең құқылығын сақтай отырып тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Ең бастысы медиатордың бейтараптығы процедураға араласуға жол бермеушілік принциптерімен ерекшеленеді. Бір-біріне талап қоюшы тараптар сотқа дейін де, сот барысында да медиаторға жүгіну арқылы өзара тиімді мәмілеге келе алады.

Бүгінгі медиаторлардың қызметі ерте кездегі қазақтың билер институтының жаңа заманғы көрінісі деуге болады. Қазір әлем елдерінің тарихи көшіне ілесіп, жарқын болашаққа бағыт алып, жетістіктерге жету жолында еңбек пен тәжірибелерін шыңдайды деген сенімдеміз.

Тараз қаласының мамандандырылған

 әкімшілік сотының, бас маман – сот

 отырысының хатшысы

 А.Ергебаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.