Қалалық қоғамдық-саяси газет

Исламға дейінгі тәңіршілдік

0 201

Біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларда кең байтақ Тұранның жерінде тәңіршілдіктің таралуы барысында әртүрлі оқиғалар орын алды. Сақтар мекендеген Еділдің шығыс жағалауына жақын аумақтарда сол кездегі азиялық тармақтағы скифтер тәңіршілдікті ұстанды. Алтайдың оңтүстігіндегі көне ғұндар арасында пайда болған бұл нанымды Оңтүстік Сібірдің іргелес аумақтарындағы, қазіргі Қазақстан жеріндегі халықтар қабылдаған. Мәжбүрлі көші-қон жағдайында мамонттардың, бизондардың, буйволдардың артынан солтүстікке, ені 1000 шақырым құрлық дәлізі арқылы Аляскаға, содан кейін бүкіл Америкаға түркілердің алыстағы ата-бабалары қоныс аударды. Басқалары батысқа, Қазақстанның кең даласына, оңтүстік-батысқа, Орталық Азия оазистеріне қарай жылжыды.

Американы игеру, археологтар көрсеткендей, біздің дәуірімізге дейінгі 25-11 мың жыл бұрын басталған. Америка континентінде біздің дәуірімізге дейінгі 23 мың жыл бұрын адам сүйектерінің қалдықтары табылған жоқ.
Соңғы зерттеулердің нәтижелері Аляскада алғашқы адамдар 22-19 мың жыл бұрын пайда болғанын көрсетті. Берингиядан оңтүстікке қарай қоныстану 16,6 мың жыл бұрын басталды. Ғалымдардың айтуынша, шамамен 11-10 мың жыл бұрын голоценнің тоғысында Азиядан Америкаға баратын құрлық жолы біржола жабылған.
Бұл ежелгі үндістердің көшуі, Америкаға қоныстануы осы кезеңде болғанын білдіреді. Антропологтар, археологтар, палеогенетиктер, лингвистер Америка үндістері делінетін 87 халықтың атақонысы Сібір, Алтай, Шығыс Азия болғанына сенімді дәлелдер тапты. 2 000 сөзден тұратын үндістер сөздігінде 200-ден астам сөздің түркілік тамыры бар. Демек, тәңіршілдік кем дегенде 25 мың жыл бұрын пайда болған деген болжам жасауға болады. Өйткені ол алғаш рет қазіргі Америкаға қоныс аударған халықтардың арасында пайда болған.
Зерттеушілер әдет-ғұрыптарда, дәстүрлерде, салт-жоралар мен нанымдарда көптеген ұқсастықтарды анықтады. Бірқатар ғалымдар мен мамандар ежелгі үнділердің наным-сенімдерін талдай отырып, оларды пұтқа табынушылық пен шамандық элементтері бар тәңіршілдіктің бастапқы, қалыптасып келе жатқан негіздеріне жатқызады.
Көк – Тәңірі, (Көк аспан) – Құдай, Бір, барлық нәрсені жаратушы. Көне түркілердің пантеонына Жер-Су, От-ана, Күн, Ай, Жұлдыз, Ауа, Бұлт, Жел, Құйын, Күн күркіреу мен Найзағай, Жаңбыр мен Кемпірқосақ кірді. Қытай шежіресінде: «Түркілер отты бәрінен де қадірлейді, ауа мен суды ардақтайды, жерді жырлайды, аспан мен жерді жаратқан жалғыз Тәңірге табынып, оны Құдай деп атайды», – делінген. Табиғат-анаға табынушылық болды (Ұмай). Л.Н.Гумилев «Ежелгі түркілер» кітабында: «Аспан культі – Тәңір – Орхон жазбаларында жазылған», – деп көрсетеді. Ол «Тәңірді – Көк Аспанды қастерлеу» қыпшақтар мен «бүкіл Еуразия даласына» ортақ «алғашқы дін» деп есептеді.
Талдау көрсеткендей, бұл аумақтардағы тәңіршілдік, сол жерді мекендеген халықтар арасында жаңа кезеңге өтіп, наным-сенімдерді, әдет-ғұрыптарды, салт-жораларды түсіндіруге барын салатын адамдар пайда болды. Енисейдің бас жағынан табылған тас тақталарда ежелгі суретші ойып салған, қолында таяқша ұстаған, ұзын киімді діни қызметкерлердің бейнелері сақталған. Тостағанға өте ұқсас құрбандық үстелінің сызбаларында діни рәсімнің элементтері бейнеленген.
Парфия поэмасы «Аййадгар – және Зареран – Зареридтер туралы (Зарера ұлы туралы) аңыз» Тұран патшасы Арэджасп пен кайянид Виштаспа арасындағы алғашқы діни соғыстың сюжетін береді. «Осылайша ол (Ардждасп) сиқыршы Видрафш пен Хазардың ұлы Намхвасты 20 мың таңдаулы әскерімен Эран-шахрға елшілікке жіберді». Эрджаспа өз елшілері арқылы Виштаспаға қауіп төндіріп, ол не бірден «әділ сенімнен» бас тартады немесе хиониттер оған қарсы соғыс ашып, бүкіл Виштаспа патшалығын отқа орап, қылыш пен қорлыққа ұшырататынын хабарлады. «Зарера туралы аңызда» хйиондардың тұрандық патшасы Арджасп пен Виштаспа арасындағы хаттың мазмұны былайша жеткізіледі: «Ұлы Мәртебелім, сіздің Ормаздтан осы кіршіксіз маздаясниялық сенімді қабылдағаныңызды естідім.
Егер сіз одан бас тартпасаңыз, біздің қатты зардап шегіп, бақытсыздыққа ұшырауымыз мүмкін. Егер бұл сіздің Ұлы Мәртебеліңізге ұнайтын болса, онда бұл кіршіксіз сенімнен бас тартыңыз және біздің діндесіміз болып қала беріңіз».
«Эран билеушісі Виштаспа патшадан хйон патшасы Арджаспқа – саулық!
Біріншіден, біз бұл кіршіксіз сенімнен бас тартпаймыз және сіздің діндесіңіз болып қалмаймыз, біз бұл кіршіксіз дінді Ормаздтан алдық және одан бас тартпаймыз».
Екі жақ та шайқасқа дайындала бастады. Әр тарап құрбандық шалды.
Осылайша Арал маңында «Ворукаш теңізінің бойында Арэджтасптың інісі Вандарманиш арийлердің айбынды Виштаспасын жеңу үшін» құрбандық береді.
Қарама-қарсы жақ та Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында құрбандық шалады: «Кавай Виштаспа Фраздана теңізінің алдында зұлым Тантриявантты, дэвке табынушы Пэшанды, өтірікші Арэджатаспуды жеңу үшін». Оны Виштаспаның туған інісі қолдап: «Датии суының алдында ержүрек салт атты Заривари дэвтарға табынушы, тырнақты зұлым Хумаяк пен оның інісі Арэджатаспаны жеңу үшін», – деп қолдайды.
Содан кейін жаппай жұмылдыру жүргізілді. Виштаспа дарға асумен қорқытып: «(Эран)=шахрдағы (барлық) сиқыршылардан басқасына «10 жастан 80 жасқа дейінгі бірде-бір ер адам (қарт) үйінде қалмасын» деп хабарлансын» деп бұйырды. Осы жұмылдыру деңгейіндегі Эран Шахр халқының жалпы саны 300 мың адамға тақау болды. «Ол кезде Виштаспа патша 12 рет 12 мыңнан (140 мың) келетін әскерімен таудың басында орналасты, хйондардың билеушісі Арджасп та 12 рет 10 мыңнан (120 мың) келетін әскерімен таудың басында орналасты». Виштаспа кайянидтерінің жағы 20 мың жауынгерге басым болды. Екі патша да өздерінің бәс тігуі үшін тау шыңдарын таңдады. Бадхыз таулары Мары алқабының оңтүстігінде орналасты, олардың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 1 158,9 метр биіктіктегі Ярылған қала тауы болып табылады. Ал Қызылжар қонысы 18 шақырымға жуық мінсіз тегіс жасыл үстіртті кесіп өтеді.
Виштаспа Аржаспты [әскерін] жеңген, «Құтқарушы» деп те аталатын Кумиш тауында [Кумиш тауынан] бөлініп шыққан тау Орта жазық тауы бар.
Сенім үшін болған шайқаста Эран әскері сескенген кезде әлгі таудан бөлініп, жазықтың ортасына құлағанын; оның эрандықтарды жеңілістен құтқарып, [сол үшін Кумиш тауы] «Құтқарушы» (Бундахишна) деген атауға ие болғанын айтады. Бір қызығы, Бадхызда Ярылған қала (бөлінген қала) бекінісінің қирандылары сақталған.
Шайқас біздің дәуірімізге дейінгі 700-600 жылдар аралығында болған. Болжам бойынша б.д.д. 647 жылы тәңіршілер мен біріккен зороастрит-тер – кайянидтер мен арийлер арасында бірінші діни соғыс болды. Шайқас барысында екі жақ та ауыр шығынға ұшырады. Виштаспаның туған інісі Зарер (Заривари) қайтыс болды.
Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелерімен салыстыра отырып, палеогенетиканың қазіргі деректері авесталық дәуірде Тұран жерінде көне хуннулар болған деп санауға мүмкіндік береді. Мұны хунну мен хиониттер гаплотоптарының сәйкестігі дәлелдейді. Хунну тарих алаңында төрт ғасыр кейін пайда болғандықтан (Хунн империясы б.д.д. III ғасырдан б.д. II ғасырына дейін өмір сүрді), хуннуға жатқызылатын хиониттер осы уақытқа дейін Алтайда өмір сүргендердің өкілі болуы мүмкін. Ханьюнь және хуньюй прахундық тайпалары Гоби шөлінің оңтүстік шетіне іргелес жатқан далада өмір сүрді. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, хуннулардың ата-бабалары хуньюй (сюньюй) қауымының құрамында болған тайпалар. Авесталық хиондар, хьондар, хвовтар атаулары ханьбюнь және хуньюй тайпаларының прахунндық атауларына жақын болуы мүмкін.
Оқиғалар ахеменидтік кезеңге дейін, яғни б.д.д. 600 ж. дейін болды. Өйткені кейянидтер аумағы кейіннен Ахеменидтер империясының құрамына кірді. Эран-шехр (арийлердің елі, қаласы) империя құрамына кіргенге дейін кайянидтердің билігінде, қамқорлығында болды. Кайянидтер билігінің авесталық уақыты б.д.д. VII ғасырда болды деп айтуға болады.
Осылайша, Алтайдан Соғдыға, Орталық, солтүстік-шығыс Тұранға қоныс аударған авесталық хиониттер (хийондар) өздерімен бірге тәңіршілдікті ала келді. Бірақ оңтүстік Тұранды мекендеген көршілес кайянидтер де зороастризмге көшкенге дейін тәңіршілдер болған.
Б.д.д. VII ғасырға дейін Оңтүстік Тұранда қоныстанған кайянидтер кейіннен тәңіршілдікті қабылдап, жалпы түркі тіліне айналған жергілікті алтай тіліне көшті. Кайянидтер арасында тәңіршілдіктің орнын басқан зороастризм кем дегенде 2-3 ғасыр бойы болды. Оңтүстік Тұран аймағына қоныс аударып, Кайянидтердің патшалығына қосылған арийлер де олармен бірге зороастризмді қабылдады.
Сақтардың тағы бір ағыны Сібірдің оңтүстігінен, Алтайдан, Алатау бөктеріндегі Ыстықкөлдің солтүстік жағалауынан өтіп, Согдиана, Ферғана, Гиссар аңғарларының шұратына жетті, оларды хиониттердің (протохунну) шабуылынан кайянид билеушісі Митра өз қорғауына алды.
Осылайша, Сібірдің оңтүстігінен, Алтайдан, Таяу Шығыстан шыққан Q, J, R гаплотоптары тасымалдаушыларының өзара әрекеттесуі ассимиляцияға, жалпы алтай тілінің дамуына, тәңіршілдікті, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді қабылдауға әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жер үшін ғана емес, сенім үшін де қатыгез шайқастар жүргізді деген қорытынды жасауға болады.

P.S.
Иә, қасиетті ислам дініне дейін тәңіршілдердің шайқасы бір толастаған емес. Пұтқа табынушылық тарихта өзінің таңбасын қалдырды. Десе де, бүгінде мұсылман қауымы қасиетті ислам дінінің тура жолында. Лайым, солай бола бергей! Ең бастысы, дініміз тұрсын дін аман!

Рахман Алшанов,
ғалым, дінтанушы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.