Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ішкі істер министрінің бұйрығымен екі оқу орнының басшылары жазаланды

0 94

Ішкі істер министрлігінің екі ЖОО басшылары жұмыстағы кемшіліктері үшін жазаланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ІІМ жоғары оқу орындарының қызметінде оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда өрескел бұзушылықтар мен елеулі кемшіліктер анықталған.

«Тексеру Ішкі істер министрлігіне қарасты Қостанай академиясы және Ақтөбе заң институтының басшылығы сапалы, тиімді оқу мен оқу-әдістемелік жұмысты қамтамасыз етпегенін, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың сақталуы бойынша тиісті бақылау жүргізілмегенін көрсетті.

Бұған қоса оқу-әдістемелік процесті ұйымдастыру, оқу орындары бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру тиісті деңгейде қалыптаспаған.

Бұған Академия мен Институт басшылығының қызметтік міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтарын дұрыс орындамауы себеп болған», – делінген ІІМ хабарламасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.