Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ирригация игілігін көретін күн алыс емес

0 82

Қаланы абаттандырудағы маңызды салалардың бірі – көгалдандыру, оның ішінде жасыл желектерді суару мәселесі. Бүгінгі күні шаһарды ағын сумен қамтамасыз ететін арық жүйелерінің тозығы жеткен. Осы орайда, жүйелерді қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Жобаны 2023-2025 жылдарда жүзеге асыру көзделіп отыр. Ағымдағы жылы осы мақсатқа қала бюджетінен 940,0 млн теңге қаражат қарастырылды. Мердігер мекеме – «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС. Бүгінгі күнге шағын аудандарда (№1,4,5,6,7,8,9 шағын аудандар) 9100 метрді құрайтын ескі лотоктарды монтаждау және демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Жалпы жобалық – сметалық құжаттамаға сәйкес 33 шақырымдай арық жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстарды аяқтау қазан айының соңына жоспарланған.

Шаһарды абаттандыру да айрықша назарымызда. Айталық, Тараз қаласының әкімдігі мамандарымен зерделеу жүргізу барысында қала аумағында абаттандыруды және балалар ойын алаңын салуды қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің аулалары мен жеке тұрғын үй секторларының тізімі жасалды. Жасалған тізімге қала тұрғындарының өтініш-тілектері сырт қалмай қосылып отырды.

Мәселен, осы жылы Тараз қаласы аумағында 26 ауланы абаттандыру жоспарланған. Ол үшін бюджеттен 675 миллион теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 26 аула бойынша «Проект и К» ЖШС-і жеңімпаз болып анықталды.

Бүгінгі таңда, мердігер серіктестікпен келісім-шартқа отыру жұмыстары жүргізіліп, 23 аула (Қазыбек би көшесі №115, Сүлейменов көшесі №10, Достоевский №21А, Желтоқсан көшесі №237 және Байзақ батыр көшесі №168, Волков көшесі №1, Рысбек батыр көшесі №6,6А, Асқаров көшесі №275, 275А, «Салтанат» (4) №10 үй, Қонаев көшесі №6, Ниетқалиева №12, Арай 2, №17, Заречный көшесі №44, Өзбек көшесінің бұрылысы №12, «Тектұрмас» алқабы, «Алатау» (8) №11,13,16,17, «Бәйтерек» (13) №30,31, «Бәйтерек» (13) №42, «Самал» №12,14 үй, «Аса» №32 үй) бойынша абаттандыру жұмыстары басталды. Ауланы абаттандыру жұмыстарына балалар ойын алаңын салу, аула жарығын орнату, жол жабындысын төсеу және бордюрлер орнату кіреді. Жалпы абаттандыру жұмыстарын аяқтау 2023 жылдың қазан айының аяғына жоспарланған.

Сонымен қатар, 2023 жылы қала әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің ұсынысы негізінде 4 кіші футбол алаңшаларын орнату бойынша бюджеттен тиісті 100 млн. теңге қаржысы бөлінді. Бүгінгі таңда, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан 2 кіші футбол алаңшасын орнату бойынша, атап айтқанда «Ұлы Дала» (15) шағын ауданы, №33,34 үйлердің алдында және Менделеев көшесінің 3-ші бұрылысында жұмыстар аяқталды. Қалған Ниетқалиев көшесі 7 үй маңына кіші футбол алаңын салу жұмыстары жүргізілуде және Қапал көшесінің 4-ші бұрылысы бойынша жұмыстар басталды. Бұл жұмыстарды толық аяқтау 2023 жылдың қыркүйек айының соңына жоспарланған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.