Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Өңірдегі өңдеу өнеркәсібінің жүрегі

0 145

Елу жылдан астам тарихы бар Жаңатас қаласының жалпы аумағы 3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде елді-мекен жерлерінің көлемі 2,5 мың гектар. Халық санағы бойынша тұрғындар саны 25 782 адамға жетті. Бүгінде қаладағы саяси және конфессияаралық ахуал тұрақты. Этномәдени орталықтар қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысуда.

Қала тұрғындарының 10172 (39,7%) экономикалық белсенді халық. Оның ішінде 8624 (33,6.%) жалдамалы жұмысшылар, 1154 (4,5%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болса, қалған 394 (3,9%) азамат жұмыссыз ретінде тіркелген.

Жалдамалы жұмысшылардың ішінде 2144 азамат (8,3.%) өнеркәсіп орындары («Еврохим» ЖШС – 507,  «Казфосфат» ТКӨК – 1521 «Жел Электр Станциясы» – 30, «Асыл-Тұз» ЖШС – 55, «Жарас» ЖШС – 31) тұрақты жұмыс істеуде.

Қала құраушы және қала экономикасының қарқынды дамуының негізі «өңдеу өнеркәсібі» болып табылады.

Қала құрылғаннан бастап өнеркәсіп саласы қарқынды түрде жұмыс істеп тұрған уақытта халық саны 60 мыңға дейін жеткен.

Қаланың экономикалық әлеуметтік дамуы халық саны мен жұмыс орындарының санына тікелей әсер етеді. Тұрғындардың басым бөлігін тұрақты жұмыспен қамту үшін ірі кәсіпорындарды ұлғайту қажет.

Өндіріс ошақтары мен өндіріс көлемі үлкейген сайын, инфрақұрылым жүргізу (газ, жол, су, электр және т.б.) мүмкіндіктері көбейеді.

Бүгінгі күнге 5 ірі өңдеу өнеркәсібі («Еврохим» ЖШС, «Қазфосфат» ТКӨК, «Жарас» мұнай өңдеу зауыты, «Асыл тұз» соляная компания» ЖШС, «Тараз көлік жолы» асфальт өндіру зауыты) тұрақты түрде жұмыс істеуде.

Биылғы жылдың 4 айында  өнеркәсіп өнімдерінің құны  40,2 млрд. теңге құрады, 2024 жылдың 4 ай қорытындысымен салыстырғанда 13,3 млрд теңгеге артты (149,4 %) 2024 жылдың 4 айында өндірген өнім көлемі – 26,9 млрд. теңге.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 49 млрд 158 млн теңгені құраса, 2024 жылдың осы көрсеткіші – 42 млрд 210 млн теңгені құрады, яғни 6 млрд 948 млн теңгеге артып отыр (116,3% ).

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.