Қалалық қоғамдық-саяси газет

Инфляция жыл соңына дейін 2 есе төмендейтін болады – Әлихан Смайылов

0 173

«AMANAT» фракциясының кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов биылғы инфляцияға болжам жасады.

«Пандемия мен күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында ел экономикасы сенімді өсім көрсетуде. Ағымдағы жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнім өсімі – 4,8%. Биыл экономиканың өсімі 5% деңгейінде болады деп күтілуде. Барлық негізгі салаларда оң динамика байқалады. Ағымдағы жылы жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 13,3 мың долларға дейін өсті. Сыртқы сауда айналымы биыл 140 млрд долларға дейін ұлғаяды. Қазір еліміздің халықаралық резервтері 95 млрд долларды құрайды. Инфляция біртіндеп төмендеуде. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда жылдың соңына дейін 2 есе төмендейтін болады», – деп атап өтті Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, жаңа инвестициялық циклды қалыптастыру мақсатында 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы іске асып жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.