Қалалық қоғамдық-саяси газет

Индустриалды аймақ өңір өндірісін өркендетеді

0 194

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында «Тараз» ӘКК» АҚ шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл туралы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді.

– Шағын өнеркәсіптік аймақтарды құру үшін «Тараз» ӘКК» АҚ-мен ағымдағы жылдың тамыз айында 4,5 млрд теңге сомасына 3 жоба қаржыландырылды. Оларды пайдалануға беру 2025 жылдың мамыр айының соңына жоспарланған.

Осы жобаларды іске асыру шеңберінде «Тараз» ИА және «Jibek Joly» АЭА аумақтарында өндірістік үй-жайлардың ауданы шамамен 40 000 шаршы метрді құрайды.

Бұл өз кезегінде трансформаторлар, шыңдалған шыны, ауыл шаруашылығы техникаларын өндіретін зауыттар салу және т. б. инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.