Қалалық қоғамдық-саяси газет

Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцинация

Әлемдік пандемия сипатын алған COVID-19 індетін жеңудің ең тиімді жолы – вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті дамыту

0 204

Екпе алудың екі негізгі себебі – өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды жұқпалы аурулардан қорғауға көмектеседі.
Коронавирустың таралу динамикасын ескере отырып, ерте ме, кеш пе, инфекцияны бәрі жұқтыратындығы сөзсіз. Сондықтан оған ағзаңызды алдын ала дайындап, кем дегенде ішінара иммундық қорғанысты қалыптастырғаныңыз жөн. Вакцина салдырған әрбір адам білуі керек ең маңызды нәрсе – екпе инфекциядан емес, аурудың ауыр ағымынан, коронавирустан болатын өлімнен корғайды.
Біздің елімізде де вакцина алғандардың саны күн санап артып келеді. Тұрғындарға екпенің бірнеше түрі ұсынылып, таңдау мүмкіндігі берілген. Алайда медицинаның мүмкіндігіне сенімсіздікпен қарайтындар әлі де бар.
Вакцина жаппай салына бастағалы оған қатысты алып-қашпа әңгіме тыйылмай тұр. Жұрттың күдігін оятып, үрейін үдете түсетін жалған, негізсіз ақпарат көп. Иә, қоғамда әлі де болса вакцина туралы түсінік бұлыңғыр. Халық вакцина туралы небір жағымсыз ой-пікірге сеніп алған. Сол сенімсіздік, яғни халықтың көпшілігі вакцина алмауына байланысты аурудың асқынуына әкеліп соғады.
Қазақ «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген. Сол үшін вакцинация – пандемияны тоқтатудың жалғыз жолы. Вакцина алып, еркін өмір сүрейік. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.

М.Сарыкулова,
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
№9 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК терапевт дәрігері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.