Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Игерілмеген жер иеліктен шығарылады

0 72

ҚР Жер кодексінің 92-бабы, 2-тармағына сәйкес, құрылысқа арналған жер учаскесi оны беру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жыл (егер жобалау-сметалық құжаттамада анағұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда, онда ел азаматтарының жеке тұрғын үй құрылысына арналған жеке меншігіндегі жер учаскесін қоспағанда, осы Кодекстiң 94-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп алып қоюға жатады.

Кодекстің 94-бабы 1-тармағына сәйкес жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер телімдерін аталған құжаттың 92 және 93 баптарында көзделгендей мәжбүрлеп алып қою тек сот тәртібімен, жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті» талап арызы негізінде жүргізіледі.
Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің мамандары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы №194 бұйрығына сәйкес шаһар аумағында ұзақ уақыт пайдаланылмай жатқан жер учаскелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Осының нәтижесінде жер телімдеріне қатысты тізбесі қалыптасып, ағымдағы жылдың I жартыжылдығында Департаментке 10 жер пайдаланушының тізімі жіберілді. Аталған бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.
Осы ретте Тараз қаласының тұрғындарынан Жер Кодексіне сәйкес заңсыз жер учаскелерін пайдаланбауларын сұранамыз!

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.