Қалалық қоғамдық-саяси газет

Хавидің қағидасы Барселонаны алға сүйрей ме?

0 344

Испания чемпионатының 13-ші турынан кейін каталонияның Барселона командасы 17 ұпаймен тоғызыншы орында тұр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Әрине бұл үздік үштіктен түспейтін испаниялық клубтың ойыны бәсеңдегенін байқатады. Футбол сарапшылары бұл жайтқа байланысты түрлі пікір айтуда. Бірақ жағдайдың осылайша құбылуына әлемнің үздік ойыншыларының бірі Лионель Мессидің франциялық ПСЖ сапына ауысқаны әсер еткені анық. Енді Барселонаның бас бапкерлігіне уағында үздік ойыншылардың қатарында болған Хави Эрнандес келіп, жаттығуға кешіккен Усман Дембелеге айыппұл салды. Негізі клубта жаттығу 10:00-де басталады екен. Ал ойыншылар жаттығу басталатын уақыттан 1,5 сағат ерте келуі тиіс болған. Осылайша Хави клубтың бас бапкерлігіне келген бойда ойыншылардың физикалық дайындығына жауапты мамандарды клубтан шеттетумен шектелмей, жаңа ережелерін бекітіп үлгерді. Енді бұл өзгерістер оң нәтиже бер ме, әлде Барселонаның мысы сол күйі басылып қала ма, оны уақыт көрсетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.