Испания маманы Хавьер Эрнандес Креус (Хави) «Барселона» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы хабарлама клубтың Twitter-парақшасында пайда болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, клубтың жаңа бапкерімен келісім 2024 жылдың жазына дейін жасалған. Хави демалыс күндері Барселонаға келеді деп күтіледі, ал клуб 8 қарашада баспасөз мәслихатын өткізеді.
«Барселонаның» бұрынғы футболшысы Хави қазір Катарда «Аль-Садд» командасын жаттықтырып жүр. Ол каталониялықтардың сапында 505 ойын өткізіп, 58 гол соққан.