Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халықты толғандырған мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі

0 1  887

Әлем халықтарына төнген аты жаман індет біздің де жас мемлекетімізге өз әсерін тигізді. Сан саланың «тежегішіне» айналған дерттің адуыны ел де, жер де таңдамады. Одан қалса «Жығылғанға – жұдырық» демекші, еліміздің кей аймақтарын қуаншылық жайлап, жұртшылықты есеңгіретіп жіберді. Осындай алмағайып шақта ел үмітін жағатын бастаманың қажеттілігі анық байқалды.

Осы тұста яғни, 1 қыркүйек күні ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жариялап, халықты толғандырып жүрген сауалдарға толыққанды жауап берді. Ел азаматтарының келешектен күткен үмітін оятты.

Сәрсенбі күні «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов, партия Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов пен Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» директорының орынбасары Жандар Тоқсаба ақбұлымдықтармен жүздесіп, жолдау жүктеген міндеттер мен ондағы тың жаңалықтар төңірінде салмақты сөз сабақтады.

 –Жолдауда айтылған өзекті мәселелер мен тың бастамалардан қараша халық хабардар болуы керек. Бүгін арнайы өздеріңізбен кездесу үшін келіп отырмын. Қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға қолдау көрсетіп, пікір білдіру әр азаматтың – парызы. Өздеріңізге белгілі елдегі ең төмен жалақыны көтеру туралы қазақстандықтар жиі қаузап, жауап ала алмай келген болатын. Ал Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында халықтың тұрмыстық табысына назар аударып: «2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 мың 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын», деді. Бұл бастамасы көптің көкейіндегі түйінді тарқатқанына белгілі.

Сондай-ақ 2020-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің табысы жыл сайын 20 пайызға өсетін болды. Былтыр педагогтар мен дәрігерлердің, әлеуметтік сала мамандарының жалақысы өскенін білесіздер. Осы тұста ел азаматтары: музей қызметкерлері, қорықшылар, көлік жүргізушілері назардан тыс қалдық деп базынасын жеткізген. Ал бұл Жолдауда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы қызметкерлердің жалақысын орта есеппен 20 пайызға өседі, – деп мәлімдеді.

Елді алаңдатып отырған тағы бір жайт – азық-түлік бағасының қымбаттауы. Бұл орайда Президент елімізде көтерме үйлестіру желісін құрып, ұсақ ауылшаруашылық тауар өндіруді сол желімен қамтамассыз етуді, аталмыш салада монополияны жоюды жүктеді.

Ағынсу тапшылығын ретке келтіру ісі де назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысы елімізде 9 су қоймасының салынатынын және бұл мәселенің шешілуіне ықпал ететінін айтты, – деген Дауыл Ынтықбайұлы ауыл азаматтарының ұсыныс-пікірін тыңдады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.