Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халықтың 70 пайыздан астамы Тоқаевтың қызметін бас бармақпен бағалады

0 933

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі биылғы жылдың наурыз айында әлеуметтік зерттеу жүргізді деп хабарлады turkystan.kz ortcom.kz-ға сілтеме жасап.

Сауалнама нәтижесінде сұралғандардың 70 пайыздан астамы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметіне оң баға берген. Соның ішінде халықтың 67,4 пайызының Тоқаевқа сайлаудан кейін қарым-қатынасы жақсарған.

Респонденттердің 42,1 пайызы Президент ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге назар аударуы керек деп санайды.

«Бұл елдегі қаңтар оқиғаларына байланысты болуы мүмкін. Отандастарымыздың аз ғана санын (41,4%) жалақы, зейнетақы және жәрдемақы деңгейін көтеру мәселесі толғандырады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ халықтың 35,3%-ы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аударса, сауалнамаға қатысқан адамдардың 32,5% халықаралық байланыстарды нығайтуды қалаған. Елдің төрттен бір бөлігі (26,3%) Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көбірек көңіл бөлгенін айтқан.

«Сауалнамаға қатысушылардың жартысынан астамы (56,7%) Президент қызметінің негізінде қауіпсіздік, әлеуметтік әділеттілік (35,9%), тұрақты экономикалық даму, әрбір отбасының амандығы, қоғамдағы достық пен келісім (26-28%) мәселелері болуы тиіс деп есептейді. Респонденттердің көпшілігі (71,3%) оптимистік көңіл-күйде және алдағы екі жылда өзгерістер болатынына сеніммен қарайды», – делінген материалда.

Бұдан басқа, респонденттердің жартысынан көбі (51%) тек Президентке ғана елдің өмірін жақсарата алады деп үмітпен қарайды. Ал халықтың 20,5 пайызы Үкіметке, 15 пайызы жергілікті атқарушы органдарға үміт артса, сауалнамаға қатысқандардың 14,1 пайызы Парламенттің қос палатасы – Сенат пен Мәжіліске сенетіндерін айтқан.

«Респонденттердің көпшілігі бірінші орынға қауіпсіздікті қойды (60,2%). Сауалнамаға қатысушылардың 34,3%-ы үшін еліміздің тәуелсіздігі – ең басты құндылық. Респонденттердің төрттен бір бөлігінен астамы үшін (27,2%) мемлекет тарапынан көмек ең жоғары құндылық болса, әділдікке – 23,1%, бостандыққа – 22,5%, тәртіпке – 19,6% респондент дауыс берген», – делінген материалда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.