Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халық театры фестивалінің марапаттау салтанаты өтті

0 505

Кез-келген концерттік бағдарламалардың бүгінгі таңда театрландырылған көрініссіз өтпейтіндігі белгілі. Осы орайда мерекелік іс-шаралардың маңызын келтіріп жүрген және шалғай ауылдардағы ағайынға қойылым көрсетіп, рухани қазына силайтын Халық театрларының орны ерекше десек артық айтқандық емес,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Сондықтан да, Облыстық халық шығармашылығы орталығының мұрындық болуымен жыл сайын халық театрларының облыстық фестивалі өтіп келеді. Шара биыл да жалғасын тауып,   орталықтың ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,  қараша айының 15 мен 20 күні аралығында облыстық «Театр — өмір айнасы» фестивалінің аудандардағы іріктеу кезеңі өткені белгілі.

Ал, бүгін А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында аталмыш фестивалдің марапаттау рәсімі өтті. Бағдарлама басталмас бұрын «Қордай» халық театрының «Ант» драмасы сахналанды. Бұдан соң Облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Ғани Садырбаев сөз алып, халық театрларының өңіріміздегі өзіндік орны мен маңызына тоқталды, фестиваль жүлдегерлерін марапаттады. Нәтижесінде: 1 орынды «Қордай» халық театры иеленді. 2 орынды «Б.Битанов»  халық театры алса, 3 орынға «Мыңбұлақ» халық театры қол жеткізді. Орталықтың бас режиссері, ҚР Театр қайраткерлері одағының мүшесі Нұралы Абдуллаев қалған театрларды арнайы номинациялармен марапаттады.

Атап айтқанда «Шу қаған» халық театры «Үздік режиссура» номинациясымен, «Саудакент» халық театры «Үміт», «Шу» халық театры «Үздік сахналық костюм» номинациясымен марапатталса, «Дарын» халық театры «Үздік ер адам» номинациясымен, «Меркі» халық театры «Үздік әйел» номинациясымен, «Дулати жастары» халық театры «Үздік шығармашылық топ», «Сарысу» халық театры «Үздік ансамбль», «Талас» халық театры «Үздік кеңістіктегі шешім» және «Мойынқұм» халық театры «Үздік режиссерлік шешім», «Шахан» халық театры «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды!

Естеріңізге сала кетейік, Халық театрларының қойылымын ҚР мәдениет саласының үздігі, «Format E»  мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының директоры, театр педагогы,  қазылар алқасының Төрағасы Ерлан Ауесбаев, ҚР мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев және ҚР Театр қайраткерлері одағының мүшесі, орталықтың бас режиссері Нұралы Абдуллаев бағалаған болатын.

 

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.