Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халық санағы өтеді

0 214

2020 жылы елімізде ұлттық халық санағы өтеді. Елдік шара туралы толық мәліметті БАҚ өкілдеріне ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Инга Шевцова баяндады.

Толғанай АТАБАЙ

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, 2020 жылғы ұлттық халық санағы 2 кезеңнен тұрады. Нақтырақ айтқанда, санақтың бірінші кезеңі 1-30 маусым аралығында өтіп, халықты нақтылау бойынша тұрғын үйлерді және тұрғын үй емес ғимараттарды аралайды. Нәтижесінде интервьюерлер бір ай бойы планшеттерді пайдаланып, санақтық аудандастыруды аралап, алынған барлық деректер «Аудандастыру» АЖО енгізіліп, санақ телімі қалыптастырылады. Ал 1-30 қазан аралығында өтетін санақтың екінші кезеңінде негізгі халық санағы өткізілмек. Айта кетерлігі, екінші кезең интернет-сауалдама және жаппай сауалдамаға бөлінеді.
– Қазақстан Үкіметі 2019 жылдың 19 маусымында «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» қаулы қабылдады. Осы құжаттардың негізінде облыс әкімдігімен 2019 жылғы 23 қыркүйекте «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі Жамбыл облыстық комиссиясының құрамын және іс-шаралар жоспарының Жамбыл облысында орындалуы бойынша бақылау бекітілісін бекіту туралы» өкімі қабылданып, жоспарлары бекітілді. Санақты екі әдіспен, заманауи ақпараттық технологияларды, атап айтқанда, интернет желісін және портативті-есептеу құрылғыларын (планшеттерді) пайдалану арқылы өткізу жоспарлануда. Жаңа IT-технологияларды пайдалана отырып санақты өткізудің осы әдістерін біздің елімізде бірінші рет өткізу жоспарланып отыр. Интернет-сұрау салу кезінде азаматтар өз бетінше өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне электрондық санақ парақтарын мамандандырылған сайтта толтыра алады. Екінші әдіс санақ персоналымен қалған азаматтарды жаппай аралап шығып, мәліметтерді жинау үшін пайымдалған. Ақпаратты жинауды санақ персоналы планшеттер арқылы электрондық санақ парақтарына енгізуді жүзеге асырады, – дейді И.Шевцова.
Бүгінде облыс әкімдігі өңірдің барлық елді мекендерінің электрондық карталарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр екен. Мұндай жұмыстар санақты жүргізуге, атап айтқанда, аудандастыру үшін қажет. Үкімет қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шара жоспарының 4-тармағына сәйкес, қазіргі уақытта әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекарасын және тізбесін нақтылау, көшелердің аттарын реттеу, орамдарды, үйлерді және пәтерлерді нөмірлеу қажет.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.