Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысыңыз!

0 469

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған баянды бастамалар өз жемісін беруде. Солардың бірі – бұқара мен биліктің арасына алтын көпір орнатуды мақсат еткен «Халық қатысатын бюджет» жобасы.

Бұл туралы ел Президенті «Әділетті мемлекет. Бір тұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа арнаған Жолдауында:«Халыққатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс», – деген болатын. Президент жүктеген осы міндетті орындау әрі Тараз қаласы әкімдігі тарапынан тұрғындарға жергілікті қазына қаражатын бөлуге қатысуға мүмкіндік беру, бюджеттік процестің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өңірде «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру жұмыстары басталды.

Жоба облыс орталығы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде шаһар аумағын көркейту мен дамытуға бағытталған.

– Аталған жобаға қатысу үшін тұрғындар аумақты көгалдандыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілерде ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру, бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, ортақ пайдалану орындарында орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату, оларды жөндеуден өткізу, аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық жаттығу, футбол, баскетбол, волейбол және балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру секілді критерийлерге сай келетін,құны облыстық маңызы бар қала үшін айлық есептік көрсеткіштің он бес мың еселенген мөлшерінен аспайтын ілкімді жобаларын қала әкімінің https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/about?lang=ruресми сайтына 2024 жылдың 25 қаңтарынан 10 наурызына дейін ұсына алады. Сондай-ақ ұсыныстар қабылданып, іріктелгеннен кейін шаһар үшін жобаның өзектілігі мен маңыздылығын анықтау мақсатында 2024 жылдың 5-24 сәуіріаралығында қатысу бюджетінің https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/about?lang=ru сайтында тұрғындар тарапынан электрондық түрде дауысқа салынады.Дауыс қорытындысымен ұсынылған материалдар Сараптамалық кеңеспен бес жұмыс күннің ішінде зерделенеді жәненәтижесі бойынша тиісті қорытынды шығарылып, жобалық ұсыныстар қоса тіркелген өтінімдер Тараз қаласыәкімдігінің тиісті кұрылымдық бөлімшелеріне іске асыру үшін жіберіледі.Осы орайда жобаны сапалы жүзеге асыру үшін, өз идеяларыңызды іске асыруға белсенділік танытып, дауыс беруге қатысуға шақырамыз, – дейді Тараз қаласы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев.

Айта кетерлігі, жоба бойынша барлық қосымша ақпараттар Тараз қаласы әкімдігінің және қатысу бюджетінің https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/about?lang=ru ресми сайттарында жарияланып отырады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.