Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халық қалаулылары білім беру мекемелерін аралады

0 643

Көне шаһардың іргесі кеңейген сайын жаңа оқу ордаларына деген сұраныс арта түсуде. Әсіресе соңғы жылдары мектеп құрылыстары қарқын алуда.

Жуырда қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев, депутаттар Нұрлан Саурықов пен Бахытхан Алимханов шаһардағы бой көтеріп жатқан білім ордаларына ат басын бұрды.

Олар әуелі «Барысхан» алқабындағы 600 орынды мектептің құрылысымен танысты. Мұнда 70 адам тынымсыз еңбек етуде екен. Учаске прорабы Нұрсейіт Әбделиевтің айтуынша, оқу ошағы 1-қыркүйекте пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұдан кейін халық қалаулылары Асқаров көшесі мен «Арай» алқабындағы оқу ордаларына аялдады. «Арайдағы» құрылыс барысына депутаттардың көңілі толмады. Себебі мұндағы жұмыстар баяу жүргізіліп жатқандықтан белгіленген мерзімде аяқталмауы мүмкін. Ал Асқаров көшесіндегі мектеп жақын арада пайдалануға берілгенімен әлі де орталық су құбырына қосылмаған. Сол себепті жер асты суын пайдалануға мәжбүр көрінеді.

Халық қалаулылары жауапты мердігерлерге құрылысты дер кезінде аяқтау қажеттігін баса айтты.

Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.