Қалалық қоғамдық-саяси газет

Хайрулла Ғабжалилов президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

0 213

Хайрулла Ғабжалилов кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Хайрулла Ғабжалиловтың «Асар» оралмандар бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат ретінде ұсыну туралы құжаттары ұсынылды».

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Хайрулла Ғабжалилов 90-жылдары Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгені жасаған дизайнерлер тобының құрамында жұмыс істеген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.