Қалалық қоғамдық-саяси газет

ХҚО-да жылжымайтын мүлікті ресімдеу құжаттарын дайындауға көмек көрсетіледі

0 155

Биылғы жеті айда Солтүстік Қазақстан облысында нотариустың көмегінсіз жылжымайтын мүлікті ресімдеу бойынша 1687 қызмет 3 977 922 теңгеге көрсетілді. 2021 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда өсім 30 пайызды көрсетіп тұр.

Еске салайық, жылжымайтын мүлікті ресімдеу бойынша келісімдерді (сатып алу-сату, сыйға тарту, жалға беру шарттары және т.б.) еліміздегі барлық ХҚО-да ресімдеуге болады. Қызмет көрсету уақыты (құжаттарды тапсыру күнін есептемегенде) – 1 жұмыс күні.

Осы ретте Халыққа қызмет көрсету орталығына дайын келісімшартпен де және онсыз да келуге болады. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері құжатты дайындауға көмектеседі.

Аңсар Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.