Қалалық қоғамдық-саяси газет

ХҚКО-да жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын қалай рәсімдеуге болады?

0 216

Жамбыл облысының ХҚКО-лары 2024 жылдың басынан бері 562 жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты берілді.

Меншік иелеріне жылжымайтын мүлікпен – сатып алу-сату, сыйға тарту, мұрагерлікпен кез-келген мәміле жасау кезінде өзекті техникалық паспорт қажет болады.

Айтпақшы, ескі үйлердегі пәтер иелері техпаспорттарда балкондар, лоджиялар және олардың ауданы көрсетілгенін тексерулері керек. Егер құжатта мұндай деректер болмаса, оны ауыстыруға тура келеді: 2023 жылдан бастап мемлекет пәтердің жалпы аумағына балкондар мен лоджиялардың ауданын да қосу туралы шешім қабылдаған болатын.

ХҚКО-да техникалық паспортты рәсімдеу үшін мынадай құжаттарды қажет:

▪️ егер өтінімді меншік иесінің өкілі берсе, жеке куәлік пен сенімхат;
▪️ жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат;
▪️ техникалық паспортты ресімдеу үшін баж төлегені туралы түбіртек.

ехникалық паспортты беру мерзімі объектіге байланысты. Пәтерге, жатақханадағы бөлмеге паспорт 3 жұмыс күні ішінде рәсімделеді. Жеке үйдің, жеке гараждың, саяжай құрылысының техникалық паспорты 5 жұмыс күні ішінде беріледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.