Грузияда ресейлік банктердің VISA және Mastercard карталарымен операция жасау тоқтатылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Еуроодақ бірқатар Ресей банктерін халықаралық SWIFT төлем жүйесінен ажыратты. Санкцияға ВТБ, Сбер, БМ-Банк, Саровбизнесбанк, «Открытие», Совкомбанк, Новикомбанк, РГС Банк, Промсвязьбанк ұшырады.
VTB Bank Georgia қазіргі күні тек заңды тұлғыларға қызмет көрсетіп жатыр
«Санциялар ресейлік банктер мен банк карталарына қарсы салынды. Санкцияға ілінген банктередің клиенттері карта арқылы операциялар жүргізе алмайды. Оның ішінде қолма-қол ақша шешу, төлем жасау операциялары да бар», – делінген қауымдастық ақпаратында.
Сонымен қатар Грузияның банк қызметін пайдаланушылары SWIFT жүйесі арқылы ресейлік банктерге аударым жасай алмайды.
Банк қауымдастығының мәліметінше, VTB Bank Georgia қазіргі күні тек заңды тұлғыларға қызмет көрсетіп жатыр. Ал жеке тұлғаларға «Базис Банк» қызмет көрсетеді.