Қалалық қоғамдық-саяси газет

Головкин: Нақты ұсыныс болмайынша, салмақ дәрежемді ауыстырғым келмейді

0 277

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин дивизионды өзгерту туралы сұраққа жауап берді. 39 жастағы боксшы Sky Sports басылымына салмақ дәрежесін өзгерту туралы ойламайтынын айтты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нақты ұсыныссыз салмақ дәрежесін өзгерткім келмейді. Елестетіп көріңізші, егер мен жартылай ауыр салмаққа барсам, мені жекпе-жекке шақыратын боксшылардың саны 30 пайызға артады», – деді Головкин.

Сондай-ақ, Геннадий Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жек әлі де мүмкін екенін айтты.

«Бұл жекпе-жек болуы мүмкін. Теориялық тұрғыдан ештеңе өзгерген жоқ. Жауапсыз қалған белгілі бір сұрақтар бар», – деп қосты қазақстандық боксшы.

Еске салайық, Геннадий Головкин 29 желтоқсанда Жапонияда WBA чемпионы Риота Муратаға қарсы жұдырықтасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.