Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Генералдың көзі жойылды»: шешен әскерлері Киевте жеңіліс тапты – БАҚ

0 412

Украина Қарулы күштері Гостомель маңында ресейлік арнайы күштердің колоннасын талқандады. Олардың «қадыровшылар» екені белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz «24TV» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, Қадыров гвардиясының 141-мотоатқыштар полкінің бастығы Магомед Тушаевтың көзі жойылды. Гостомель маңында (Киев облысы) «қадыровшылармен» шайқас кезінде Украина қарулы күштері шешен әскерилеріне ауыр соққы жасаған.

Жоғарғы Раданың халық депутаты Алексей Гончаренко Facebook-тегі парақшасында Украина әскерінің Гостомельдегі бөлімшелері «қадыровшылар» тұтқынын тізе бүктіргенін жазды.


Дереккөздер қақтығыс кезінде Украина әскері бөлімшелері Шешенстан Ұлттық гвардиясының 141-мотоатқыштар полкінің бастығы шешен генералы Магомед Тушаевты жойғанын хабарлады. Бұл Қадыровтың элиталық бөлімшелерінің бірі.

«Қадыровшылар» полкінің талқандалуы және Магомед Тушаевтың қайтыс болғаны туралы ақпаратты өзінің Telegram-арнасында Киевті қорғауға қатысатын украин ұлтшылдарының жетекшісі Евгений Карась растады.

Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Украина Қарулы күштерінің артиллериясы шешен полкін жойды. Қаза тапқан шешен жалдамалыларының мәйіттері Гостомель маңынан табылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.