Солтүстік-батыстан соққан қатты желдің салдарынан аудандағы электр желісінің үзілуімен қатар газ құбырының істен шығуы орын алуда,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Екпіні 28 м/с болатын желдің ұйытқуынан орын алған келеңсіздіктерді жою мақсатында аудан әкімі Сәкен Арубаевтың басшылығымен шұғыл жұмысшы топ құрылып, елді мекендерде зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі мәліметке сәйкес, 10-ға жуық жарықсыз отқан ауылдарға сала қызметкерлері жөнелтілген. Сондай-ақ бірқатар ауылдағы газ құбыры істен шыққан.
«КазТрансГазАймак» АҚ Жамбыл газ шаруашылыгынын директоры Тимур Бауржанұлы газ желісіндегі ақауларды ретке келтіру жұмыстарын бүгін аяқталатынын жеткізді.
– 20 қызметкерден құралған 5 жұмысшы топ ауылдарға жөнелтілді.
Қазір Новоджамбульск, Шоқай саяжайындағы 4 газ құбыры ретке келтіріп, тұрғындарға «көгілдір отынды» қолданысқа бердік. Қазір қосымша жасақ, басқа да ауылдарда жүр. Бұдан бөлек газсыз отырған 26 абоненттің үйлеріне баратын боламыз, – дейді ол.
Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметкерлері мен «Аса-су» мекемесі тарапынан жұмыстар жүргізілуде.