Қалалық қоғамдық-саяси газет

Гаухар Олжабаева – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

0 158

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымына Олжабаева Гаухар Елубайқызы тағайындалды.

Гаухар Елубайқызы 1967 жылы 7 қарашада Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
1989 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ технологиялық институтын «жаппай тұтыну тауарларын өндіру өнеркәсібін орналастыру экономикасы» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1989 жылы «Кожобувь» былғары аяқ киім өнеркәсібінде инженер-экономист болып бастаған.
1990-1992 жылдары – Жамбыл қаласы коммуналдық меншік басқармасының экономист-бухгалтері, 1992-1993 жылдары – Жамбыл қалалық әкімшілігі экономика комитетінің маманы, 1993-1997 жылдары – Тараз қалалық экономика және сауда басқармасының бас маманы, 1997-2008 жылдары – Тараз қалалық экономика және сауда басқармасы басшысының орынбасары, 2008-2021 жылдары – Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.