Қалалық қоғамдық-саяси газет

Гүл шоқтары қойылды

0 560

Семей ядролық полигонының жабылғанына 31 жыл толуына орай «Жеңіс» саябағында орналасқан  Чернобыль атом электрстанциясының зардабын жоюға қатысушыларға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Гүл шоқтарын қоюға облыстық және қалалық ардагерлер Кеңесінің мүшелері, Семей ядролық сынақ полигонына қатысқан азаматтар мен қала әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

29 тамыз – Қазақстан Республикасы мен әлемдік қауымдастық және жаһандық антиядролық қозғалыс үшін тарихи күн. 1991 жылы дәл осы күні Невададағы полигоннан кейін әлемдегі ең қуатты екінші орында тұрған «Семей ядролық полигонын жабу туралы» №409 Жарлыққа қол қойылған еді. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы қазақ халқы қырық жыл күткен тағдырлы шешім болды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.